Өлеңдер ✍️

  22.06.2022
  88


Автор: Сағи Жиенбаев

Оранып дала шалғынға...

Оранып дала шалғынға,
Толқыды тасып қанша көл, –
Оянып таңның алдында
Аттанды жолға өңшең Ер.
Орманды басып,
Белді асып,
Мұхитқа дейін барса жол, –
Омырауын өкпек желге ашып.
Аттанды жолға өңшең Ер.
Қызығын ойлап әр күннің,
Қуаныш қана аңсады ол, –
Бақытын қорғап балғынның
Қақпады кірпік өңшең ер.
Жарқырап түнде,
күндіз де
Жұлдыздар көкте жанса мол, –
Қалқыды бірге жұлдызбен
Құрыштай берік өңшең ер!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу