Өлеңдер ✍️

  22.06.2022
  159


Автор: Сағи Жиенбаев

ҚАЗАҚСТАНЫМ

Жиылған жақын, алыстар
Жүзінен самал жел есіп...
Жөн сұрап, Жаңа таныстар
Жатады шүйіркелесіп.
Таныспақ енді дұрыстап,
Келгендер кілең жан-жақтан, –
Күнгейден...
Қиыр Шығыстан,
Қалың ну...
Қарлы аймақтан...
– Қайдансың?
– Қазақстаннан!
Шығады жарқын дауысым.
Көтеріп мені ұшқандай
Көгілдір дала, кәрі шың.
Көремін белес-белдерді
Ойнақтап жүрген сағымдар.
Тұрады соғып кеудемді
Теңізден ұшқан дауылдар.
Көкорай жазық,
Кең дала
Көріне ме екен көзімнен, –
Танысым маған таңдана,
Қарайды құрмет-сезіммен.
–Үлкен бе?
–Үлкен!..
Жанарым
Кетеді сонау алысқа, –
– Бір шеті біздің даланың
Жалғасып жатыр ғарышқа...
Бастарын изеп,
жұрт елтіп,
Бір-бірін мақұлдатады...
Көтеріп мені, үлкейтіп,
Тауларым келе жатады.
Елестеп сол шақ көзіме
Қырларым,
Қала,
Қыстағым,
Арқамды сүйеп өзіңе
Тұрамын,
Қазақстаным!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу