Өлеңдер ✍️

  22.06.2022
  151


Автор: Сағи Жиенбаев

ҚҰРЫЛЫСШЫ МЕН ШЕТЕЛДІК ҚОНАҚ

Мен де атандым сері жігіт,
Түстім талай тартысқа...
Анау-мынау деп жүріп,
Келіп қаппын алпысқа.
Оқу қайда, шаш тарап,
Ойын қуып, доп тептім...
Қырық жылдай тас қалап,
Құрылысшы боп кеттім.
Тау балшықты үйіп кеп,
Тастарменен тілдестім.
Күнге қарай биіктеп,
Үйлерменен бірге өстім.
Бірте-бірте төселдім,
Білдім бәрін сырының.
Бірге көрдім осы елдің
Ыстығы мен суығын.
Көп жүрдім бұлт қасында
Көрген адам қызығар...
Әрбір үйдің тасында,
Саусағымның ізі бар
Осы жерде жаныма
Жұпар самал ескендей.
Бұл қаланың талы да
Өз жанымнан өскендей...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу