Өлеңдер ✍️

  22.06.2022
  125


Автор: Сағи Жиенбаев

ҰЯ

Суық жел қарды үйіріп
Соғады тынбай гуілдеп...
Бұрышта торғай тығылып,
Бүрсиіп отыр, дірілдеп.
Өзгеге қуыс болса да,
Өзінің жайлы мекені.
Қалықтап біраз, тоңса да,
Қайтадан соған жетеді.
Қанатын желге жаяды,
Кетеді ұшып қияға.
Кешкісін бірақ баяғы
Келеді қайтып ұяға.
Ұшырған сонау шалғайға,
Ұяңды қайтіп қиясың?!
Осынау құйттай торғай да
Кетпейді тастап ұясын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу