Өлеңдер ✍️

  22.06.2022
  75


Автор: Сағи Жиенбаев

ҚҰС АТУ

Бірге шарлап,
бірге ұшып гулегелі
Күн алдынан қарайлап жүрген еді.
Ағып түсті көгінен қас қаққанша
Табиғаттың кінәсіз бір бөбегі.
Тұрған қарап барлығы бір-біріне,
Бір-бірінің қызықтап тірлігіне.
Көкжиекке шайқалып қалды асылып,
Ұйып тұрған уыздай гүл-дүние.
Көл ызыңдап,
ұйтқыды,
құм суылдап,
Бірте-бірте қосылды қыр шуылдап.
Байқадың ба, байғұс-ау,
қарашы, әне,
Бүкіл дала сол үшін тұр шырылдап...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу