Өлеңдер ✍️

  22.06.2022
  151


Автор: Сағи Жиенбаев

СЕН БОЛСАҢ...

Мұстайға
Қартаң әйел–қаралы,
Көзінде жас,
Көкірегі жаралы,
Жол үстінде
кездесіп қап ақынға
Айтып жатыр көңіліндегі наланы.
– Қарағым-ай,
Қанатымнан қайырылып,
Сең соққандай
Жүрмін қазір мәңгіріп.
Жан-жұлдызым –
Жалғыз қызым бар еді,
Қапелімде
Қалдым содан айырылып.
Солды гүлім,
Сөнді күнім көктегі,
Қалжыратып кетті мына дерт мені.
Өң мен түстей...
Не болғанын білмеймін,
Дәрігердің
шамасы оған жетпеді.
Күдік шіркін кетер емес кеудеден,
Түні бойы –
ой қуалап сенделем.
Сен дәрігер
болсаң егер –
Қызымызды
Аман алып қалар ең-ау... дей берем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу