Өлеңдер ✍️

  22.06.2022
  86


Автор: Сағи Жиенбаев

ЭЛЬБРУС

Күтіп тұр аппақ арайды,
Кеудесі көктің ашылып.
Эльбрус жаққа қарайды,
Бір тауға бір тау асылып.
Жарығы да әлі жалғанның
Түскен жоқ түгел ой-қырға,
Тәкаппар мына таулардың,
Түн жатыр жылы қойнында.
Қанатын керіп ауаға,
Құстар да жаңа оянған.
Эльбрус шыңы бағана-ақ,
Алғашқы нұрға боялған.
Аңызақ желді білмеген,
Армансыз туған ақ дене...
Ойнайды жалғыз нұрменен
Оранып балғын сәулеге
Қызығып соған баладай,
Бұл жердің тау мен тасы да...
Әуелі күнге қарамай,
Қарайды соның басына...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу