Эсселер ✍️

  20.06.2022
  124


Автор: Камал Әлпейісова

ЖАРНАМАСЫЗ ЖАСАЛАТЫН ЖАҚСЫЛЫҚТАР

 


Неге екенін білмеймін, арада қанша жыл өтсе де студент кезімізде көрген бір киноның сюжеті, оның бас кейіпкерінің іс-әрекеті есімнен кетпейтін.  Артта қалған колхозды гүлденген шаруашылыққа айнал-


дырып, жыл сайын қыруар пайда табатын жігерлі, жас басшы досымен сырласып отырып: «Менде бәрі бар, бірақ одан алып жатқан рухани қанағатым жоқ. Ақшамның бір бөлігін халыққа пайдалы шаруаларға жаратсам қайтеді?» дейді. Деп қана қоймайды, солай істейді де! Ертесіне біз у-ду болып, әлгі киноны талқылап отырғанымызда, жасы үлкендеу курстасымыз: «Бәрі де ойдан шығарылған! Өмірде бұлай болмайды»,– деп еді. Біз үнсіз қалғанбыз...


Жоқ, өмірде олай болады екен! Үзілді-кесілді үнмен айтылған курстасымның пікіріне тойтарыс бере алатындай мысалға арада қаншама жыл өткенде, басқа қалада, басқа ортада, тіпті басқа ғасырда кездесемін деп ойлаған жоқ едім.


Осыдан бір жарым жыл бұрын Астанада біраздан бері кәсіпкерлікпен шұғылданып келе жатқан, бүгінде дәулеттіліктің атрибуттары болып саналатын: үй, машина, жеке бизнесі бар бір топ қыз-келіншек бас қосып, әйелдер клубын құрады. Армандарының асқақтығына, мақсаттарының биіктігіне сәйкес болсын деген шығар, әрі бастамаларының жарқын болашағына сенгендіктен де, клубтарына


«Астана-Бәйтерек» деп ат қойыпты. Ал ұрандары – қайырымдылығымен әлемді мойындатқан Тереза-ананың «Біз ұлы істер істей алмаймыз, бірақ біз кішкентай істерді ұлы махаббатпен істейміз» деген қанатты сөзі.


Бұл клубтың жарғысының өзі ерекше – түрлі серіктестіктерді құруда қолдан қолға өтіп жүрген «типтік» құжаттағы жауыр болған сөздер жоқ. Әп дегеннен-ақ: «астаналық қыз-келіншектердің жаңа әлеуметтік имиджін қалыптастыру» деген жол елең еткізеді. Одан кейінгі жолдар да жүрекке жылы тиіп, көңілге шуақ төккендей: «Халықтың әлеуметтік қорғансыз топтарына арналған қайырымдылық акцияларын өткізу»,


 


«Ауылға нақты көмек көрсету», «Салауатты өмір салтын насихаттау»...


Жаңаның бәріне сенбестікпен қарайтын әдетімізбен «Жарғыда не жазылмайды» деп ойлап, сенімсіздікпен қарағанымызды жасырмай- мын. Клубтың атқарылған істерімен таныса келе күдігіміз сейіліп, орнын сүйініш, замандас құрбылардың ізгі істеріне деген мақтаныш басқаны тағы рас.


«Кез келген серіктестік халыққа белгілі бір қызмет түрлерін көрсете отырып, заңға қайшы келмейтін тәсілдермен пайда табу үшін құрылатыны белгілі. Сондықтан да олардың жарғысында «пайда табу» деген тармақ болады. Ал сіздерде ол жоқ екен. Сонда сіздердің жұмыс істеу схемаларыңыз қалай?» деп сұрадым клуб мүшелерінің бірі, кәсіпкерлік бишігін шырқ үйірген келіншек Гүлнар Сәдуақасовадан.


«Біздің басқалардан айырмашылығымыз да сонда – біз бұл клубты құрғанда ешқандай пайда табуды көздеген жоқпыз. Шүкір, пайда та- батын әрқайсымыздың өз бизнесіміз бар. Біз сол бизнесімізден түскен пайдадан жарна төлеп, ортақ қор құрып, қайырымдылық шараларын жа- сауды мақсат еттік» дейді ол. «Сонда бұл идеяны ұсынған кім?» «Осы жергілікті, ақмолалық келіншектер Әприза, Жұмагүл, Венера. Ал бәріне ұйытқы болған – Гүлфайруз Қасымова. Мұндай есімді естіп пе едің?»


Естігенде қандай!


Ел астанасы Ақмолаға ауысқанда бірнеше театры, концерт залда- ры, түрлі өнер ұжымдары бар қаладан көшіп келген алматылықтардың көңілдерін аулау үшін бе, әйтеуір «Жастар» сарайы мен «Конгресс- холлда» апта аралатып концерттер мен басқа да мәдени іс-шаралар: көрмелер, сайыстар, авторлық кештер, байқаулар өткізілетін. Әдетте, осындай шаралардың соңында, ұйымдастырушылар мен демеушілерді тізбелеп айтқанда ішінде міндетті түрде Гүлфайруз Қасымованың аты аталатын. «Осы Гүлфайруз деген кім екен?» деп ойлайтынмын мен. Енді, міне, сол Гүлфайруз тағы да алдымнан шығып, тағы бір жақсы қырымен көрініп отыр.


Сонымен, жаңа идеяны 17 келіншек қолдапты. Клуб құрылды, енді оның мүшелері үшін жұмысты неден бастаудың мәні зор еді. Ойласа келе бәрі де өз жұмыстарының бастамасы – материалдық көмек көрсетіп қана қоймай, жүрек жылуын арнайтын іс болуын қалады. Ал барлық ана үшін басты бақыт – жер бетіндегі балалардың аман-саулығы, соларға қуаныш сыйлау екендігі белгілі. Міне, сондықтан да клуб мүшелері жұмысын «Светоч» балалар үйін қамқорлыққа алудан бастады.


Құшақ-құшақ сыйлық әкелетін апаларын балалар үйінің жаутаң көз тұрғындары асыға күтеді. Себебі бұлар бәз-біреулер сияқты мейрам- дарда ғана жылт етіп көрініп, жоқ болып кетпейді. Демалыс күндері


 


Астананың әсем жерлерін аралатып, қыдыртады, олардың рухани өсуіне, көркемдік талғамының дамуына мән беріп, түрлі концерттерге, көрмелерге апарады.


Жарғыдағы өзгеше көңіл аудартқан «астаналық қыз-келіншектердің жаңа әлеуметтік имиджін қалыптастыру» деген сөздердің астарында біздің қыз-келіншектердің сыртқы келбеті мен ішкі жан-дүниесінің үйлесімді дамуына ықпал ету, олардың отбасында да, ұжымда да, тіпті сыртқы ортада да қазақстандық биіктен көрінуіне жол ашу ниеті бар екен. Өз бизнестерінде жақсы нәтижелерге қол жеткізгендіктен, бұлар енді басқа замандастарына, ізбасар сіңлілеріне көмек қолын созуды мақсат етеді. Сол мақсатта «Әйелдердің өзін-өзі жетілдіруі», «Про- блемаларды шеше білу», «Саясаттағы гендерлік аспектілер» деген тақырыптарда семинарлар мен тренингтер өткізіп, үкімет өкілдерінің әйелдермен кездесулерін ұйымдастырған.


Гүлнар Рақышева, Әмина Арапова, Людмила Шварц, Гүлнар Өтепова басқаратын фирмалар – бүгінде қызмет көрсетудің халықаралық деңгейіне көтерілгендігімен ғана емес, халыққа көрсететін қайырымдылық акция- ларымен де аты танылған мекемелер. Өздерінен кейінгі толқын бизнестің тар жол, тайғақ кешулерін бастан кешпесін деп, өз тәжірибелері арқылы астаналық қыз-келіншектерге жол көрсетуге ұмтылатындарын, олардың өз істерін бастауға заңдық тұрғыдан көмек көрсетуге қашанда дайын тұратындығын да атап айту керек.


Клубтың ауылға нақты көмек көрсету үшін ойластырған жобала- ры да сәтті өтті. «Дента КВК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, халықаралық деңгейде тәжірибе жинақтаған маман Ве- нера Кеншенбаеваның демеушілігімен Ильинка ауылында тіс емдеу кабинеті ашылды. Бұл ауылды да клуб мүшелері кездейсоқ таңдаған жоқ-ты, Астана түбіндегі бұл елді мекенде оралмандар көп тұрады. Тіс дәрігерлері оларға көбіне тегін қызмет көрсетті, ал тіс емдеудің қаладағы қымбат қызметтері ильинкалықтар үшін әлдеқайда арзанға түсті.


Клуб мүшесі Мәдина Құралова «Көз микрохирургиясы» клиникасын- да ауыл тұрғындарын қабылдау күнін өткізді. Орыс драма театрының директоры Әприза Құсайынова оралмандардың балалары мен жетім балаларға арнап бірнеше рет қайырымдылық кештерін, мерекелік іс- шаралар ұйымдастырып, бүлдіршіндердің ризашылығына бөленді.


Өздері ерекше атап өтетін мерекелердің қатарында бұлар үшін 1 мау- сым – балаларды қорғау күнінің орны ерекше екен. Әуел бастан-ақ бұл күнге клуб мүшелері ерекше ықыласпен дайындалып, есте қаларлықтай бағдарламамен өткізуді дәстүрге айналдырыпты. «Теледидардан басқа


 


балалардың мейрамдап жатқанын көріп, біздің балалар мұңайып, жа- сып қалады ғой» дейді олар. Биыл мейрамды өткізуге бірден төрт адам



  • Ханым Ахметова, Татьяна Мещерякова, Әлия Қаражанова, Татья- на Никитина ықылас білдірді. Солардың ұйымдастыруымен «Интер- континенталь» қонақ үйінде өнер шеберлерінің, астаналық өнерпаз балалардың қатысуымен үлкен концерт қойылып, мерекелік дастар- хан жайылды. Арада біраз уақыт өткенге дейін балалар сол мерекені түстерінде көріп жүргендерін айтып жүрді деседі «Астана-Бәйтерек» клубындағылар.


Бұл ұжымның жұмыс жасауында бір ерекшелілік бар: клуб мүшесі өз мамандығына, кәсібіне сай іс-шара өткізу туралы бастамасын ортаға салады. Сосын әркім өз тарапынан оған қандай үлес қоса алатынын сараптайды. Мысалы, медицина ғылымдарының кандидаты, «Де- меу» отбасылық дәрігерлік амбулаторияның аға дәрігері Роза Абза- лова қоғамның мүгедектерге, есірткі торына түскендерге, кедейшілік қыспағында өмір сүріп жатқандарға деген көзқарасын өзгертуді алды- на мақсат етіп қойған. Және ұдайы сол бағытта жұмыс істеп, деміл- деміл оларға тегін медициналық, психологиялық көмек көрсету акция- ларын өткізіп тұрады.


Ал «Азия-Фрахт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ди- ректоры Тамара Лавриненко болса – табиғатынан өте қарапайым жан. Ол өзінің жетім балалар үйіне жасап тұратын сыйлықтары ту- ралы айтуды қаламайтынын былай қойғанда, тіпті клубтың қомақты материалдық үлес қосқан акцияларының өзі жарнамасыз өткенін жөн көреді. Серіктестері оны «Жақсылықты жан-тәніңмен, жарнамасыз жасау керек» деген ұстанымды серік еткен жан дейді. Және өздері де сол ұстанымды қолдайды.


Қайтарусыз, ақысыз, жарнамасыз жасаған жақсылықтарына көңілдері тоғайып, жүздері бал-бұл жанған «Астана-Бәйтерек» клубындағы қыз-келіншектердің игі бастамасын қолдайтын ер-жігіттер байтақ елімізде жоқ дейсіз бе? Әрине, бар!


2002 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу