Эсселер ✍️

  20.06.2022
  212


Автор: Камал Әлпейісова

ШӘРБАНУДЫҢ ШЫРАЙЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

 


Көркем шығарманы әйелдер туралы, ер адамдар туралы деп бөлу ретсіз болғанымен, әйелдің рухани және адамгершілік болмыс-бітімі, күрделі жан дүниесі әйел жазушылар шығармаларында айқынырақ көрінетінін жоққа шығара алмаймыз. Өйткені әйел табиғатын әйелден артық кім түсінеді?


Әйелдің нәзік жанын, оның мың иірім сезімі мен қасиеттерін, биік рухын танытуда өндірте еңбек еткен жазушы – Шәрбану Бейсенова. Оның кезінде «Мәдениет және тұрмыс», «Қазақстан әйелдері» сияқты республикаға тарайтын беделді басылымдарда қызмет етіп жүргенінде жазған очерктерінде де, жарық көрген бірнеше кітаптарында да басты кейіпкерлер – негізінен қыз-келіншектер. Елдің өркендеуіне еңбегімен үлес қосып жүрген алдыңғы толқындағы апалары мен қатар-құрбы, за- мандастарын, өкшелес сіңлілерін негізгі геройы етіп алып, оның орта- сы туралы, бәріміз өмір сүріп отырған қоғам туралы ой толғайды. Бәз- біреулер: «Ол мақалалардың жазылғанына отыз жылдан астам уақыт өтті, олардың бүгінгі өмірде рөлі жоқ қой» деуі мүмкін. Болғанда қандай! Журналистикаға одан кейін келген қыздардың: «Шәрбану апайдың очерктерімен тәрбиеленіп өстім» дегенін талай естідік. Яғни, келесі толқындағы журналист қыздар да жылт етпе, дабыралы жайлар-


 


ды емес, мағыналы, терең тәрбиелік мәні бар мақалаларды жазатын қаламгер болып қалыптасты деген сөз.


Осыдан бірнеше жыл бұрын «Елорда» баспасынан жарық көрген


«Тағлымды тағдырлар» кітабында да жазушы өзіне етене тақырыптан таймаған – жинаққа енген мақала, сұхбат, очерктердің басым көпшілігіне әйелдер өмірі арқау болған. Әр кейіпкердің қуанышы мен реніші, сыннан өтер сәттері, шығармашылығы, ой-танымы қоғам өмірінің бізге беймәлім бір бетіндей қызықты оқылады. Жазу- шы творчествосын басқа қаламгерлерден ерекшелейтін белгінің бірі де осы – деректі прозада да, көркем әдебиетте де әйелдер тағдыры арқылы өмір тынысымыздағы, тұрмыс шындығымыздағы әлеуметтік- психологиялық процестерді сенімді суреттейтіні.


Кітапты оқып отырып, оның деректі прозадағы алғашқы топта- масы – 1985 жылы жарық көрген «Топжарған қыздар» атты кітабы есіме түсті. Ұқсастығы сол: екі кітаптың да кейіпкерлері – әйелдер. Ал айырмашылығы – алғашқы жинақта бойларында бұла күші тасқындап, асау өмірдің жалына жармасқан өрімдей жастар, ал соңғы еңбекте – тағдырмен тайталаса жүріп, өмір даналығын бойларына сіңірген жан- дар, аттары аңызға айналған аға ұрпақ өкілдері. Екі кітаптың арасында көзге көрінбес байланыс бардай. Тіпті алғашқы топтаманы автордың журналистикадағы отыз жылдық жолының белгілі бір қорытындысы іспетті – «Тағылымды тағдырларға» келер жолдағы баспалдағы деуге де болғандай.


Оқыған кітабыңды араға уақыт салып қайта қарасаң, бұрын байқамаған тұстарына мән беріп, өзгеше ой түйеді екенсің. Айталық,


«Топжарған қыздар» жинағының аннотациясында «кітапта еңбекте оза шауып жүлде алған замандастарымыздың жарқын бейнелері суреттеледі» деп жазылған. Солай ғана ма? Біз кітаптың мақсаты одан әлдеқайда терең – белгілі бір мамандықты, жоғары еңбек көрсеткіштерін дәріптеу емес, адамның өмірдегі өз орнын табуына еңбектің етер ықпалын көрсету дер едік. Қаламгер қай мамандық иесі туралы (қойшы, сауыншы, тракторшы, т.б.) жазып отырса да бірінші планға адам жанының тазалығын, оның табиғи бітім-болмысын ашу- ды шығарады, кейіпкерді белгілі бір әрекетке итермелеген сезімінің шынайылығына, тәуекелінің ақталғанына мән береді.


Жалпы, Шәрбану шығармашылығы танымдық және тағылымдық тұрғыдан талдау жасауды қажет етеді. Айталық, «Топжарған қыздар» жинағындағы «Дала қызы» очеркінен оның кейіпкері – Әлия


 


Сәрсенқызының география ғылымын тереңдете зерттеп, ғылым док- торы дәрежесін алған тұңғыш қазақ қызы екенін білеміз. Тағы бір кейіпкерді, Абайдың қара сөздерін орыс тіліне аударып, данышпан бабамыздың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында ол аударманың ағылшын, француз, неміс, араб тілдерінде жеке кітап болып жарық көруіне мұрындық болған аудармашы қазақ әйелі Клара Серікбаеваны да қалың оқырман Шәрбанудың сұхбаты арқылы танып, білді. Сондай- ақ, елімізде опера өнерінің қалыптасуына бір кісідей-ақ еңбек сіңірген, қазақ өнерінің жанашыры, тілекшісі Ольга Симонованың есімін де кезінде көпшілікке паш еткен Шәкеңнің осы кітапқа енген «Ғибратты ғұмыр» сұхбаты-тын. Күләш Байсейітова, Ахмет Жұбанов, Үрия Тұрдықұлова туралы Ольга Симонова айтқан естеліктердің күн өткен сайын құндылығы арта түсері сөзсіз.


Қалың оқырманға әуелі журналист ретінде танылған Шәрбану Бейсенованың жан тербетер нәзік иірімге толы, сыршыл әңгімелерден тұратын тұңғыш кітабы «Тойға келген келіншек» (1980 жыл) әдебиет сүйер қауымды елең еткізгені есімізде. Мұны оның алғашқы көлемді дүниесі «Зағипа» повесіне қазақтың ақиық ақыны Фари- за Оңғарсынованың жазған алғысөзінен де аңғаруымызға болады:


«Шәрбанудың «Тойға келген келіншек» кітабын оқып шығып, қазақ прозасының дүбірлі тобына өз жүрісі, өз жолы, өз сұлулығымен бір таланттың қосылғанына қуандым. Оның шығармаларындағы өмір көріністері тірі сурет күйінде көз алдыңнан өтіп жатады. Адамдардың ішкі жан толқындарының иірімдері өзіңді де бірге үйіріп алып, сол оқиғаны өзің бастан кешіргендей сезінесің. Асып- төгіліп, лықсып жатқан көпірме сөзсіз, қарапайым қазақ сөздері өзінің бар қадыр-қасиеттерімен шым-шымдап сіңіп жатқанын аңдайсың.» («Қызғалдақтар» топтама жинағы, «Жазушы» баспасы, 1983 жыл).


Әйелдің жан дүниесі, болмыс-бітімі, оның қоғамдағы орны ту- ралы толымды ой қозғайтын дүниелер одан кейін «Сезімтал жүрек» деген атпен жарық көрді. Аталған кітап біздер «Қазақстан әйелдері» журналында бірге қызмет істеп жүрген кездері жарық көргендіктен, олардың қалай жазылғаны, жұртшылықтың қалай қабылдағаны көз алдымда. «Жазушының таза реалистік пландағы әңгімелерінде жүрекке шым-шымдап жетер жылылық; адамдар бойындағы ізгілікті, айналасына, жақынына деген мейірім-махаббатты, жақсылыққа іңкәрлікті аңсайтын сағыныш, осыдан келіп туындар мәлім де беймәлім мұң бар», – деп жазды кезінде белгілі әдебиет сыншысы Әлия Бөпежанова. – Шәрбанудың соңғы әңгімелерінің ішінде «Сәтсіз командировка» кейіпкерінің рухани әлемін, өмір танымын тереңірек


 


ашқан туынды. Журналист әйел Ақжамалдың жан арпалысы мына күрделі тіршілікті қайтсем бір елі жақсартам, адамдарға мысқалдай да болса бақыт, қуаныш әкелсем дегендіктен, яғни, әлеуметтік болмысының жоғарылығынан туындайды.» (Ә.Бөпежанова «Дүние – имани құбылыс», «Өлке» баспасы, 2001 жыл).


Шәрбану — асықпай, дәмдеп, баптап жазатын жазушы. Содан да болар, оның жарық көрген әр жинағы оқырманын елең еткізіп, әдеби ортаның на- зарына ілігіп жатады. Оның 2000 жылы «Елорда» баспасынан жарық көрген


«Тағлымды тағдырлар» атты кітабына халықаралық Алаш сыйлығының берілуін – ұзақ күттіріп барып, оқырманымен қайта қауышқан жазушы еңбегіне берілгсн лайықты баға деп қабылдауға болады.


Бұл кітапты жастарды, өскелең ұрпақты жағымды фактор арқылы тәрбиелеудің оқулығы дерсің. Бүгінде, әсіресе, алыс-жақын шетелдерден тоқтаусыз келіп жатқан бұқаралық ақпарат құралдарының беттерінде күш көрсету мен қатыгездіктің, қулық пен сатқындықтың түр-түрін көрсететін материалдар үстемдігі басым боп бара жатқан заманда, біздің қоғамымызға нақ осындай мейірімділік пен ізгілікті, адалдық пен тазалықты насихаттайтын шығармалар жетіспейтін сияқты.


«Мәзен апам, топырағың торқа болғыр, менің қабағыма қарап, жолдасымның да, әке-шешемнің де, ата-енемнің де орнын толтыруға, жа- ныма шуақ болуға тырысып, құрақ ұшып тұратын. Менің ауыртпалыққа төтеп бергенім де мүмкін сол кісінің арқасы шығар», – дейді Мархума апа (Мұхамеджан Қаратаевтың бәйбішесі) енесі туралы.


«Әйелдің бағы қасындағы азаматына байланысты ғой қашанда»,– деп тұжырымдайды келесі кейіпкері Зайда апай (Қалижан Бекхожиннің жары).


«Правда» газетінің 50 жылдығына орай біздің республикадан бас редакторлардың ішінен бір адамды Ленин орденіне ұсыну керек болғанда, Ұзақ Бағаев, Мұса Дінішев, Құрманбек Сағындықов бірауыздан жолда- рын маған берді. Азаматтардың осындай ықыластары ғой көңіл өсіретін. Оны қалай ұмытарсыз?!» – деп тебіренеді Әтина Жәкетова.


Былай қарап отырсаң, қаршадайынан партия-кеңес қызметінде бо- лып, отыз жыл республиканың ең көп тарайтын журналын басқарған адамның бір орден аларлық еңбегі де бар ғой. Бірақ ол кісінің тектілігін қараңызшы: өз еңбегіммен алдым деп кеуде соқпайды, үлкен журналист ағаларым жолдарын берген соң орденді болдым дейді. Ал аттары аңызға айнала бастаған журналист ағаларымыздың мәрттігін немен теңеуге бо- лады?! «Бүгінде сондай азаматтар бар ма екен?» деген де ой келеді.


«Қайран аяулы дос, асыл жар! Азаматын қадірлеген бір әйел Софьядай-ақ болар! Еріне қызмет етудің үлгісін бүкіл болмысымен


 


дәлелдеген аяулы жан еді ғой»,– деп сүйсінеді Мархума апай Хамза Есенжановтың жары Софья апамызды еске алып отырып.


Шәрбануды жақын білетін, аралас-құралас адамдар Софья апамыз- ды сипаттайтын осы сөздерді Шәкеңнің өзіне де арнауға болатынын айтары анық. Замандастары, қатар-құрбылары бұған талай мысал келтірер бәлкім. Ал біз, оларға өкшелес келе жатқан қыз-келіншектер, азаматын қадірлеудің, соның мерейі үстем болу үшін қызмет етудің бар үлгі-өнегесін Шәкеңнің бойынан табатынбыз. Біз білгелі ол тек творчествосымен ғана емес, өмір жолымен де: ер адамнан бір адым кейін тұру, азаматты пір тұту, отбасының тұтастығын бәрінен биік қою сияқты Шығыс әйеліне тән табиғи тәрбие дәнін сеуіп келеді.


Асқар таудай азаматы, аяулы Сағаты қаза болғаннан кейін ол өз шығармашылығын жиып қойып, бар уақытын, күш-жігерін Сәкеңнің мұрасын түгендеуге жұмсады. Қаншама газет-журнал тігінділерін ақтарды, жазылып, кезінде жарияланбаған қаншама қолжазбасын тапты, сөйтіп, екі кітап құрастырып шығарды. Олар: Сәкеңнің өзі көзі тірісінде баспаға беруге ыңғайлап, іріктелген материалдар- дан жинақталған «Шындыққа сүйіспеншілік» («Жазушы» баспа- сы, 1993 жыл) және С.Әшімбаевтың бұрынғы кітаптарына енбеген, кезінде мерзімдік баспасөзде жарияланған әдебиет, өнер хақындағы мақалалары, аудармалары сұрыпталып, екшеленіп топтастырылған


«Ақиқатқа іңкәрлік» («Ана тілі» баспасы, 1997 жыл).


Содан бері өткен он алты жыл ішінде ол көрнекті сыншы Зейнолла Серікқалиевтың сөзімен айтқанда: «Жарық дүниеге, өнер әлеміне нар жүгін көтертер айқара арманымен өзімсініп еркелей еніп, ұзын жолдың өрінде, ел арысына жаңа айналған шағында ата жұртын егілдіріп кет- кен аяулы азамат Сағат Әшімбаевтың» атын ұрпақ есінде қалдыруға арналған қаншама іс-шараларға ұйытқы болды. Шәрбанудың өлшеусіз еңбегі мен табандылығының арқасында Сәкеңнің өзі оқыған мектебінде мұражай ашылып, туған аулындағы бір көшеге оның аты берілді.


Өкінішке орай мынадай да шындық бар: өмірде дарынды, білімдар, атақты болғанымен артында жоқтаушысы, жанашыры жоқ қаншама адам көзі кеткен соң іздеусіз қалып, ұмыт болады. Бұл тұрғыдан алғанда, ұзақ өмір сүру бұйырмаған Сағат ағамызға өзі қайтпас сапарға аттанғанда артындағы жамағатқа атын ұмыттырмай, абырой- беделін өзі бар кездегідей асқақтатып отырар адал жар сүю бақыты бұйырыпты. Соның тағы бір белгісі – Райымбек ауданында өзі оқыған мектеп ауласында сыншының қола мүсінінің орнатылуы. Бұған қоса


 


С.Әшімбаевтың сыншылығы, «Жүректен қозғайық», «Қарыз бен парыз» телевизиялық хабарларындағы философиялық сарындар тақырыбына диплом жұмысын, кандидаттық диссертация қорғаймын деген талапкерлерге ұшан-теңіз материалдар жинап бергені – бөлек бір әңгіме. Қазір ол Сәкеңнің әлі де жарық көрмеген, кісі назарына ілікпеген дүниелерін құрастыру үстінде.


2007 жылдың күзінде Алматыда атап өтілген С.Әшімбаевтың ал- пыс жылдығында бұл туралы жастайынан бірге өскен достары, белгілі сыншы Әшірбек Сығай: «Шәрбанның Сағат мұрасын сақтауда, халыққа танытуда істеген еңбегіне тәнті боласың. Басқа біреулер мән бермейтін, ұсақ-түйек деп қарайтын қағаздарына дейін зерттеп, жарыққа шығарды. Бұл дүниелердің Сағаттың ел білмейтін көптеген қырларының ашылуында мәні зор» деп жақсы айтты.


Ізгі іс қашанда адам өміріне игі ықпал етіп, оның бойындағы қуат көздерінің, қосымша тынысының ашылуына себепші болады дегенді та- лай естігенмін. Өз басым бұған мысалды Шәрбану шығармашылығынан көрдім. Жарының мезгілсіз қазасынан кейін оның мұраларын халық игілігіне айналдыру үшін өз қаламын жиып қойған жазушы жоспарлаған жұмысының басым бөлігін орындап, көңілін бір демдегеннен кейін өз шығармашылығына да ден қойды – Ұлы Мәртебелі Әдебиет мойын бұрғызбай қоймады! Әдебиеттің сиқырлы әлемін сағынып-ақ қалған екен: Жоржи Амадудың әлемге әйгілі «Құм жағалаудың капитандарын» аударып, ол 2006 жылы «Аударма» баспасынан жарық көрді. Оған ілесе


«Өлке» баспасынан «Мизамшуақ» әңгімелер жинағы басылып шықты. Білуімізше, жазам деген, жазып жүрген дүниелері тағы да баршылық. Тек шығармашылығына сәттілік тілейік.


Бірде Сағат ағаның «Ақиқатқа іңкәрлік» деген жинағын оқып отырып, мынадай жолдарға тап болдым: «Біз, сыншылар, ақын- жазушыларымыздың әртүрлі жастағы юбилейлерін күтіп отырмай- ақ, творчестволық өмірбаянын, портретін, өсу эволюциясын, стильдік паспортын, әкелген жаңалықтарын, тіпті адамдық болмы- сын дүркін-дүркін оқушыларға жеткізіп, таныстырып отыруымыз керек.» (105-бет). Мақала алғаш рет «Сын мен сүйіспеншілік» деген тақырыппен «Социалистік Қазақстан» газетінің 1978 жылғы 23 наурыз күнгі санында жарияланған екен.


Жазушы Шәрбану Бейсеновамен ұзақ жылдар бойы қызметтес болып, етене жақын араласуым, аударма әлеміне бағыт-бағдар сілтеген ұстазым деп танитыным, өмірде көрген қызықтары мен


 


қиындықтарында қасында болғаным, қазақтың қаламгер қыздарының ішінде салмақты, сыршыл, ойлы шығармашылығына қоса, таныс-біліс болған адамдардың бәрі тәнті болар адамгершілік қасиеттерімен дара- ланатын осы бір жан туралы қалам тербеп, көңіл түпкірінде жатқан ой- ымды жүзеге асыруыма – кезінде алдынан дәріс тыңдаған ағамыздың жоғарыдағы сөздері себеп болды.


2007 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу