Эсселер ✍️

  20.06.2022
  156


Автор: Камал Әлпейісова

АЛЛАНЫҢ СЫЙЫНА ҚИЯНАТ

 


Аборт туралы әңгіме біржақты жүргізілетіндіктен жұртшылық одан жалығып кеткен десе де болады. Әдетте аборттың медициналық зардаптарына ерекше мән беріледі де мәселенің имандылық, адамгершілік жағына көңіл бөлінбейді. Яғни, кез келген адам үшін пайда болған жаңа өмірді жою – адамшылыққа жат, имансыздық, күнә екендігі естен шығарылып тасталған.


Сексенінші жылдардың аяғында американдық акушер-гинеколог Бернард Натансон ультрадыбыс аппаратурасының көмегімен таңғажайып фильм түсіреді. Таспаға 12 апталық ұрықтың аборт жа- сау кезіндегі қимыл-қозғалысы жазып алынған. Кадрларды көрген адамның төбе құйқасы шымырлайды: Болашақ тіршілік иесі өз өміріне төнген қатерді сезіп, жанұшыра айқайлағандай, аузын кең ашады; Бұлт-бұлт етіп, пышақтан бұғып қалады; Микроаспаптар өзіне өлім қаупі төнгенін сезген ұрықтың бейне бір хируртың пышағынан қашып құтылғысы келгендей жанталасқанын, жүрегінің соғысы минутына 200-ге дейін жеткенін жазып алған.


Б.Натансон ұзақ жылдар бойы аборт жасау клиникасын басқарып, өзі де осындай мыңдаған операциялар жасаған. Күндердің күнінде әлдебір психологиялық жағдайдың әсерімен, кәсіби хирург өз ісінің этикалық жағы туралы ойланып, ана бойындағы ұрық өмірін зерттеу туралы шешімге келеді. Ол түсірген фильм ғылым мен имандылыққа бірдей қатынасы бар мәселенің басын ашып алу жөнінде ғалымдар мен дәрігерлерді ойландырған алғашқы ұмтылыстардың бірі болды. Фильмді көргеннен кейін абортқа қарсы қозғалыс пайда болып, көптеген дәрігерлер мұндай операция жасаудан мүлдем бас тартқаны белгілі.


Әдетте мұндай операция жасайтын дәрігерлер жүктіліктің 12 ап- тасына дейін эмбрион жеке өмір иесі емес, тек ана организмінің бір бөлікшесі, қосымшасы деген пікірді ұстанады. Бірақ ғалымдардың көпшілігі ұрықтың балаға айналар сәтін нақты көрсету мүмкін емес деген шешімге келуде. Мына фактілерді ақыл таразысына салып, өздеріңіз де ойланып көріңіздерші. Зерттеулерге қарағанда пайда болғанына 18 күн өткен соң-ақ ұрықтың жүрегі соға бастайды және қан айналу жүйесі қалыптасады. 50 күн толғанда арнайы аппаратурамен ми импульстарын байқауға болады, ал бұл дәрігерлер үшін адамның кеудесінде жаны бар-жоқтығын анықтайтын негізгі жай.


Жаратылғанына 10 апта (70 күн) өткен ұрықтың бойында бала туғанда болатын барлық органы болады. Үш айлық ұрық басын бұрып, жұдырығын түйіп, саусағын аузына сала алады. 8 апталық ұрыққа аборт жасаған Пауль Роквелл (Нью-Йорк қаласынан) ол туралы былай деп жазады: «Ол екі айлық еді. Мен бала жолдасын (плацента) қолыма алғанда, сұйық заттың ішінде ұзындығы 15 дюйм титімдей ғана ер- кек жынысты тіршілік иесінің жүзіп жүргенін көрдім. Сыртқы дене құрылысы түгел қалыптасқан екен. Өте жылдам жылжып, секундына бір айналым жасап жүзіп жүрді!»


Бойға біткен баланы аборт жасату арқылы алдырып тастау – біздің қоғамға да тән қасірет екендігі жасырын емес. Бұл мәселенің маңыздылығын оған 1998 жылы өзінің Қазақстан халқына жолдауын- да: «Елімізде жыл сайын 200 мың аборт жасалады. Қоғамда абортқа тыйым салу керек пе, жоқ па деген мәселе пікір таласына түсуі керек. Мұндай өте нәзік мәселеде де, басқа мәселелерде де мен көпшілікті қолдаймын. Қандай жағдайда да, әйелдің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін отбасын жоспарлаудың өркениетті жолына түсуіміз ке- рек» деп, ел Президентінің де ерекше мән бергенінен байқауға болар еді.


 


Отбасын жоспарлау мәселесі бұрын да баспасөз беттерінде, түрлі жи- ындар мінбелерінен айтылып, түрлі пікірталастар тудырып жүргенімен, мұндай деңгейдегі құжатта бірінші рет көтерілуі болатын.


Дүниежүзілік денсаулық банкі жер бетінде жүктілікке, босануға не- месе аборт жасатуға байланысты минут сайын бір әйел қайтыс болаты- нын анықтаған. Және өкініштісі, бұл жағдайлардың тең жартысында жүктіліктің әйелдің қалауынсыз болғандығында. Бұдан, отбасын жо- спарлау, аборт туралы заң актілері арқылы бұл өлімдердің алдын алуға болар еді деген ой туындайды.


Ал әзірше әйелдердің аборт жасатуына рұқсат берілу ережелеріне қарай елдерді шартты түрде 4-ке бөлуге болады.


Әйелдердің өз өтініші бойынша аборт жасатуына жол берілетін елдер: әйелдің жүктілікті үзу мәселесін шешуге заңды құқығы бар. Көп жағдайда бұл алғашқы триместрде (12 аптаға дейін) аборт жасатуға ғана қатысты болады. Алайда, кейбір мемлекеттерде медициналық және әлеуметтік факторлар бойынша екінші триместрде жүктілікті үзуге рұқсат етілетін жағдайлар да бар екенін айта кету керек (Швеция, Нидерланды, Франция, Түркия, Албания, АҚШ, Қазақстан).


Аборт жасауға барынша еркін жол берілетін елдер: аборт медициналық та, әлеуметтік те көрсеткіштер бойынша рұқсат етілген. Бұл көрсеткіштерге кірістің аз болуы, үй-жағдайының нашарлығы, тым жас немесе кәрі болуы, үйіндегі балалар санының жеткілікті бо- луы жатады. (Финляндия, Исландия, Ұлыбритания (Солтүстік Ирлан- дия қосылмаған), Кипр, Жапония).


Аборт жасату мәселесіне айтарлықтай дәрежеде қатаң көзқарас қалыптасқан елдер: аборт жасауға тек белгілі бір нақты жағдайларда ғана рұқсат етіледі. Бұған әйелдің дене және психикалық жағдайына қауіп төнуі, ұрықтың ақаулы болуы және заңдық тұрғыдан қаралатын жағдайлар – әйелдің зорлау салдарынан жүкті болу жатады. (Польша, Испания, Швейцария, Үндістан, Египет; Пәкстан, Португалия).


Аборт жасатуға үзілді-кесілді тыйым салынып, өте қатаң талап- тар қойылатын елдер: жүктілік әйелдің денсаулығына тікелей қауіп төндірген жағдайдан басқа қандай жағдайда болмасын аборт жасауға рұқсат етілмейді. (Солтүстік Ирландия, Мальта, Бразилия, Мексика, Израиль)


Аборт жасауға қыздардың өздері шешім қабылдай алатын жас мөлшері де әр елдерде әрқалай белгіленген. Швецияда қыз неше жа- ста болса да ата-анасының келісімін сұрамайды. Австралияда 14 жасқа


 


жетпеген қыз ата-анасының келісімін алуы керек, Англия мен Швей- царияда – 16, Дания мен Францияда – 18 жасқа жетпеген қыздар өздері шешім қабылдауға құқығы жоқ. Ал Түркияда әйел аборт жасату үшін күйеуінің келісімін алуы керек.


1936 жылы ССРО халқының санын өсіру мақсатында аборт жасауға тыйым салу туралы қаулы қабылданады. Бұл құжаттың мынадай маңызды тұстары бар еді: әйел өміріне қауіп төндіретін жағдайдан басқа жағдайларда аборт жасаған адамды 3 жылға дейін түрмеге қамау, әйелді аборт жасауға мәжбүрлегені үшін (күйеуін, туыстарын) 2 жылға дейін түрмеге қамау, аборт жасаған әйелді қоғамдық сотқа беріп, үлкен көлемде айыппұл төлету.


Бұл қаулы жасырын, заңсыз аборт жасаудың кең етек жаюына әкеп соқты. Сондықтан 1955 жылы «Абортқа тыйым салудың күшін жою ту- ралы» Заңмен аборт қайтадан заңдастырылды. Ал Польшада осындай тыйым салынған кезде «аборт поездары» деген термин пайда болған. Онда поляк әйелдері осындай операциялар жасату үшін көршілес, аборт жасауға тыйым салынбаған елдерге ағылып баратын болған.


Қырық жыл бойы бала көтеру, ана мен бала денсаулығы мәселелерімен айналысқан белгілі акушер-гинеколог, профессор Н.Ә.Қаюповадан аборт туралы пікір сұрағанымызда: «Мәселе аборт- та емес, мәселе қыздардың өздерінде. Олардың отбасында, ортасын- да алған тәрбиесіне, біліміне көп жай байланысты» деді. «Ендеше сол қыздарыңызға не айтар едіңіз?»


«Аборт жасататын қыздардың басым көпшілігі қазақ қыздары болғандықтан мен оларды үш нәрсе үшін кінәлаймын: біріншіден, өте аңғал-аңғыртсыңдар, қыздарым. Айлалы арамзаларға оп-оңай алданып, қолжаулық болып жүресіңдер. Екіншіден, сауатсызсыңдар, болары бо- лып, бояуы сіңгенше ештеңеге ұмтылғыларың келмейді. Медициналық әдебиеттерді аз оқисыңдар, әлдекімдерден естігендерің бойынша өздеріңді өздерің емдеуге әуессіңдер, соның салдарынан аурулы болып жүргендерің көп. Үшіншіден, тым ұялшақсыңдар, дәрігер-гинекологтардан ақыл-кеңес сұраудан қашасыңдар. Осының бәрінен арылу керек.»


«Аборт дегеннің зиянды екенін қыздар дәрігерлердің қабылдауына келгенде ғана естиді. Өкінішке қарай, одан басқа жол қалмайтын жағдайлар болады ғой. Үлкендер соны ескермейді. Қазақи отбасын- да жыныстық тәрбие деген айтыла қоймайтын тақырып. Соның орнын басқа жерде толтыру керек қой» деді бізбен әңгімесінде осындай жайға тап болған жас қыз.


 


«Әрине, жыныстық тәрбиені мүлде жалаңаштап тастауға болмайды. Бірақ оны бұрынғысынша жалған ұятпен тұмшалап қалдыру да дұрыс емес. Сондықтан да мектептерде «Отбасы және неке» деген тақырыпта сабақтар өткізіліп, оған арнаулы психолог, сексопотолог, гинеколог ма- мандар тартылуы керек», дейді қыз бала тәрбиелеп отырған ата-аналар. Міне, сондықтан да аборт туралы әңгіме де бұрынғыдай қорқытып, үркітіп емес, танымдық материалдарды негізге ала отырып, басқаша бағытта, имандылық, адами ізгі қасиеттер тұрғысынан жүргізілсе тиімдірек болатын сияқты. Айталық, көне үнді веда философиясы бой- ынша аборттан кейін нәрестенің жаны келген жағына қайта орала ал-


май, көк пен жердің ортасында ілініп қалып, азапты күй кешеді екен.


Ислам дінінде кісі өлтіру ең ауыр күнә болып саналады. Ал ана құрсағындағы кеудесінде жаны бар: жүрегі соғып, саусағын аузына сала алатын, барлық ішкі құрылысы қалыптасқан шарананы адам емес деп кім айта алады?


2002 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу