Өлеңдер ✍️

  20.06.2022
  263


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Мына әлем жарқыраған самаладай...

Мына әлем жарқыраған самаладай,
Көздерің жәудірейді баданадай.
Қоштасып қала бердің көл шетінде,
Шарқ ұрып қанат қаққан шағаладай.
Мен кеттім елжіреген емешегім,
Тас жүрек, дінім қатты емес едім.
Төбеңнен «қош» деп ұштым,
Айна- көлім,
Болады енді қандай келешегің?
Жарқ етіп әппақ ұшақ көкке өрлеген,
Басымнан күй қалмады өткермеген.
Санама сан ой келіп, сан ой кетті,
Тым ұшқыр қиялым да шектелмеген.
Ой жеңіп, кей сәттерде қас қақпағам,
Лажсыз, жан еркем-ау, тастап барам.
...Есіме сен түскенде әлдеқайдан,
Көңілім пәстенеді асқақтаған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу