Өлеңдер ✍️

  20.06.2022
  87


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Жанарлары мөлдіреп, аясына мұң тұнған...

Жанарлары мөлдіреп, аясына мұң тұнған,
Жұдырықтай жүрегі аттай тулап, бұлқынған.
Нарттай жанар бет-өңі – сұрланыпты болмашы,
Ренжітті кім білер, бәлки содыр жолдасы.
Жас парлаған боталап, сұлу көздің шарасын,
Бәзбіреулер тырнады, тым кездейсоқ жарасын.
Булығады алқымы көк долы өксік кептелген,
Шақырады пәк арман қолын бұлғап көк белден.
Кеткісі бар бір сәтке дала кезіп, жапанмен,
«Еркелеткен тағдырым, сен де маған қатал ма ең?»
Сазып қалды кеудесі ішқұста боп қамыққан,
Қайсар-қатал өмірден қалжыраған жалыққан.
Қыздың жаны осылай нәзік мұңға күптенген,
«Тірлігімнің бал шағы, балаң шағы біткен бе ең?
Неге мені сорлатып, жол тостырып қойғансың?
О, Тәңірім, кінәм не?
Сағындырма...
Ойлан шын...»




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу