Өлеңдер ✍️

  20.06.2022
  98


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Жүректі дерт шалды

Жүректі дерт шалды
Бітпеген,
Көңілді бал сезім күптеген.
Сағынам,
Жаныммен сағынам,
Сол бейнең көңілді
Үптеген.
Қайдасың,
Шырайлы Ай, Нұрым?
Айтайын сырымның қайбірін?
Тулайды қу кеудем тайша бір,
Түспей ме бейбаққа қайрымың?
Көрсем ғой тезірек,
Сарылдым,
Қу құдай, неге сен тарындың?
Сағындым, өзіңді
Өртеніп,
Жарыңмын,
Мен сенің,
Жарыңмын...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу