Өлеңдер ✍️

  20.06.2022
  113


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Тербелді әуен, беташар да

Тербелді әуен, беташар да
Айтылған,
Көгілдір түн, көкжиекте
Ай туған.
Қызу тілек жүректерден есті көп,
Сен бөлмедің тек біздерге
Айқын мән.
Желбіретті қосағым да желегін,
Ол күледі,
Мен қасірет шегемін.
Гитарыңды құшақтап ап ән салдың,
Өзің білдің,
Мен де білдім себебін.
Кешір мені, сезіміңді жай ұқсам,
Тағдыр-мұндар, табан кетті тайып сан.
«Бақытты бол» деп тұрдың ғой ішіңнен,
Жамалыңнан байқалғанмен айып-шам.
Мынау тірлік жеткізбейді қуғанға,
Ақық жасың дидарыңды жуған ба?
Өмірімнің бөлшегісің кішкентай,
Ғафу етші, артық айтсам бұлданба.
...Үйлену той тола түсті думанға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу