Өлеңдер ✍️

  20.06.2022
  96


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Сай-сүйекті буып алған

Сай-сүйекті буып алған
Көрікті үн,
Назыңменен, қылығыңмен еріттің.
Өкінішті,
Бола алмадым, амал не,
Шырынындай алма менен өріктің.
Қоңыр тірлік сұрап едім пәниден,
Бірақ сұмдық көп екен ғой,
Пәле үйген.
Махаббаттың назасына
Қалдым да,
Шемен-шерге
Ұшырастым шәниген.
Түн секілді тұнжыраймын тұңғиық,
Жайлау жаным тартып жатыр
Мұң,
Күйік.
Бота – бейнең,
Нәркестенген жанарың,
Көзім жұмсам –
Селт еткізер,
Ылғи.
Ұқ!
Елесімен тербетеді тәтті үнің,
Көкіректе содан кейін
Жатты мұң.
Маған деген ақ махаббат бар ма екен?
Кеш біліппін қадіріңді,
Қап, күнім!
Бар дүние
Айналды ма тозаңға?
Қу жүрегім,
Озандасаң – озанда!
Өміріме нәрін төгер,
Енді ондай,
Тап келмеспін ақ ниетті гөзәлға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу