👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  20.06.2022
  23


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Мен ешкімге керек емес екенмін...

Мен ешкімге керек емес екенмін,
Сол бейнеге
Етене емес бөтенмін.
Майлық бола алатұғын тым құрса,
Бағы артық-ау менен гөрі
Өтелдің.
Жүрегімді неге жүрмін
Жырмыштап?
Болып едік жылы жаққа бірге ұшпақ.
Құс жолы да көрінбеді қырсығып,
Жол таппадым,
Сол да мені жүр қыстап.
Жанарымнан аққан жасқа малтықтым,
Арман қуып кетіп едім
Шалқып тым.
Жүрегімді кесіп-кесіп тасташы,
Өмір сүру қажеті жоқ,
Жалпы, ұқтым.
Мен соңыңнан қалмаппын ғой
Ербеңдеп,
Қырсық жүрді
Алдымды алып, кердеңдеп.
Мұздай суық сөз естідім,
Селк еттім,
Көкірегім қарс айрылды шер кернеп.
Кеудем менің қысылды да
Деміктім,
Қара басты қас сұлуға теліппін.
Мен ешкімге керек емес екенмін,
Қу жанымды жерлейді екен
Келіп кім?
Егілемін
Құр ішімнен тұншығып,
Ешкім маған қол созбады
Ұмсынып.
Сені ғана бір көрем де соңғы рет,
Жер қойнына,
Кете берем
Тым суық.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы