Өлеңдер ✍️

  20.06.2022
  78


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Қалжырадым

Қалжырадым
Қанжілік боп, қалқам-ау,
«Мен» дегенде қабағың да шалқақ-ау.
Жүрегіме сен орнатқан күмбезді,
Келмей жүр ғой өз қолыммен
Балталау.
Мынау тірлік – қара самар,
Қарасам,
Жиіркенішті,
Сөйте тұра әрі асам.
Жібек шытың желмен ұшып жетер ме,
Биыл қыстан шығуға сол жарасам.
Қу көңілім әр нәрсеге
Боп алаң,
Көріп жүрмін,
Ел көрмеген зобалаң.
Көкіректі баяғыда-ақ паршалап,
Жәудіретіп,
Жанарды алды доғалаң.
Қалдым рас,
Кінәраттан кірәжіп,
Пайда болды аяқ асты бір-ә, жік.
Екі арамыз үзілді де,
Үздіктік,
Қолға түспес жалғайтұғын сірә, жіп.
Ылғал таппай
Көншірліктей ындыным,
Қақтым барып босағасын мұңдының.
Күлге шөгіп өлетұғын ыбрынай,
Қаққа аунатты қасіретің...
Тынды үнім...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу