Өлеңдер ✍️

  20.06.2022
  62


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Кетті өмірім сұрықсыз күреңденіп...

Кетті өмірім сұрықсыз күреңденіп,
...Кенеуі жоқ тірлікке ірең беріп.
Мұқағалиды ауыртқан сол бір келіншек,
Меніменен бүгінде жүр емделіп.
Ойға ой қосып, аздай-ақ еселеді,
Уайымға батырдың.
Не себебі?
Қазағымның қызысың бидай өңді,
Көрінесің сұлу да көшебелі.
Қалдым бүгін көтеріп, еңсемді ептеп,
Көрдім-дағы нәр алдым: сенсең – көктеп.
Дертті жүрек тулайды алып-ұшып,
Кездейсоқта өзіңе келсем беттеп.
Теткіп ұстап бойыңды.
Ындынымды,
Құлаттың ғой,
Ақтарттың шындығымды.
Көкіректің онсыз да кеселі бар,
Айтқанменен, ұғынар кім мұңымды?
Айта алмаспын ештеме, түк те өтініп,
Кәусар сезім кеудемде бітпе тұнық.
...Менен бұрын сол келіншек шығып кетіп,
Төсегімде қап қойдым бүктетіліп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу