Өлеңдер ✍️

  20.06.2022
  66


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Жүрегімді

Жүрегімді
Алдап ғұмыр кешпедім,
Жанарымды торлап, тұнар
Кешке мұң.
Нәуетек бір гүл қаузына мұстақпын,
Саған тағдыр осыншалық не істедім?
Бос тастадым қос тізгінін
«Күреңнің»,
Мейрамхана есігіне тірелдім.
Кабинаға жалғыз өзім жайғасып,
Дәйекшіні коньякқа жібердім.
Бір жүз грамм тастап алдым,
Қапалы,
Ұрпақ едім ауыл үйлі, аталы...
Аттанамын сені, Алматым, шын
Қиып,
Қалай таңы құдайымның атады.
Көрсеттің-ау талай маған
Сақылық,
Ыластандым,
Былығыңа шатылып.
Жәлептерің – шетелдіктің ылауы,
Сен де кеттің сол долларға
Сатылып.
Бұдан артық қалай жүрем, сенделіп,
Қасіретті көтерелік
Тең бөліп.
Екі сөйлеп баяғыда-ақ өлгенмін,
Алматым-ау...
Аяулым-ау...
Сен де өлік...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу