Өлеңдер ✍️

  20.06.2022
  71


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

«Турчанкада» қан жамылды бір гүжбан...

«Турчанкада» қан жамылды бір гүжбан,
«Самопалдан» хан сарайын тұрғызған.
Текпіріне тастап кеттім
Тепкілеп,
Көкіректе жүрек тулап
Тұр,
Қызған.
Бүксік исі мүңкіп шықты
Қойнынан,
Сұрқиялық билеп алды
Ойды лаң.
Тағып қойдым галстугын итіне,
Салпаңдатып,
Шешіп алып мойнынан.
Бардың ісі пәрменменен ілгерлеп,
Жоқтың ісі дәрменменен
Күрмелмек.
Сарайына қарап тұрып,
Талтайып...
Ашу мен кек көкіректі тұр кернеп.
Қулығы жоқ қазақ қайтіп күн көрмек?
Бата алмайды
Заң дегенің бұ сұмға,
Алшаңдады нарық... қарық тұсында.
Қазағымның қалтыраған саусағы,
Сол саусақпен теңгеңді итке
Ұсынба!
Арақ деген біреуі «артық»,
«Кем» бірі,
Өтер талай халықаралық тендеры.
...Жем бөктіріп,
Жынды суын сататын,
«Турчанканың» көпесі жоқ
Енді ірі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу