Өлеңдер ✍️

  20.06.2022
  77


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Таң атып келе жатыр

Таң атып келе жатыр
Сібірлеген,
Оянды қалғып кеткен іңірде өлең.
Лаулады көкіректе сезім оты,
Бықсықты білмей қалдым
Кім үрлеген?
Жүруші ем желпіне алмай
Бұрын дәйім,
Келмейтін бұрылуға бір ыңғайым.
Жанымды жан түсінбес –
Шиыры мол,
Білгенмен Алатаудың сырын қайың.
Қайранмын
Кім ысырды жалаң күнді?
Еземін табанға сап тәмам мұңды.
Айналдым алтын Күнді күміс қабақ,
Гүлге орап кеткен менің қадамымды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу