Өлеңдер ✍️

  20.06.2022
  79


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Мен өмірдің өткінші бір нөсері...

Мен өмірдің өткінші бір нөсері,
Белгілі ғой ала бұлттың көшері.
Қолың бұлғап, шығарып сал,
Қайтты әттең,
Шерге кеуде кескілетіп, не сері.
Көзді тұтты кіреуке сол күндеген,
Ақ жанымды малып аппын нілге мен.
Шыра етемін ақық жасты,
Аспаннан,
Көшерімді көп жұлдызға
Білген ем.
Мендік жұлдыз құламасын, ақпасын,
Жеті Қатқа тіремекпін ат басын.
Қасиетті жерді қидым – көктеген,
Көк жүзінен бақилықты тапқасын.
Түнде де бар бір шапағат, қымбат тым,
Сол шапаққа жұлдыз болып, шым баттым.
Анама да жұмбақтанып туыппын,
Бөгделерге мүлде тіпті жұмбақпын.
Кетті о дүние, мен келген соң жасанып,
Көңілім де, қадамым да аса нық.
...Өзім жазған бір жырымның шумағы,
Көк тасыма жазылады қашалып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу