Өлеңдер ✍️

  20.06.2022
  76


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Жатырсың ба дамыл таппай Бал күнім?

Жатырсың ба дамыл таппай
Бал күнім?
Өзгертеді тірліктегі заңды кім?
Болса көрім тілегендей жан әкең,
Өміріңнің арты – шаттық,
Алды – мұң.
Мен отырмын көзімді ілмей аңсап тек,
Бүлдіршіндер қол созады самсап кеп.
Таба алмаймын, сені ішінен дөп басып,
Бір бөпені ұстармындай жаңсақ кеп.
Ойлап қоям:
«Қарлығашым, кеттің бе?
Шыдар екем қалай ғана көп күнге?
Табыс еттім аруағына әкемнің,
Жарқыраған содан кейін тек Күнге!»
Қарлығашым,
Қайдасың сен самғаған,
Өзіңді ойлап менде дегбір қалмаған.
Жүрсің бе екен
Сен томпиып бір жерде,
Қиналса да кері оралар жан мамаң.
Қош болып тұр,
Кіп-кішкентай сәбиім,
Құшақ жая қарсы алар-ау әлі үйің.
Мен өзіңсіз түсінбедім өмірді,
Тастап кетем көң тірліктің пәниін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу