Өлеңдер ✍️

  20.06.2022
  96


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Өтінемін, жанашырым, түсін мені...

Өтінемін, жанашырым, түсін мені,
Қыдырсың сен адамзат пішіндегі.
Шарана ат болғанша қанша заман,
Сіз берген тор биенің ішіндегі.
Ақтардым шемен-шерді сарқылмаған,
Айналдым сендей аға, нар тұлғадан.
Мен – тұма, сен – дария тасып аққан,
Қымбат-ау парасатты парқың маған.
Түз ұлы, берен баршын, қыр алыбым,
Даланың мойнындағы тұмарымын.
Жұма күн бағышталып,
Аруаққа,
Соңында оқылатын Құранымын.
Мекенің қу медиен, қыр алыбым,
Жүрсің-ау, алағызып,
Сірә, бүгін.
Салса егер ебін тауып, мұқалмайтын –
Қалған бір бабалардың құралымын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу