Өлеңдер ✍️

  20.06.2022
  102


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Ән-күйімді сақтаған сайын далам...

Ән-күйімді сақтаған сайын далам,
Белгілі ғой бұл күнде жайың маған.
Зауалдардан қойының шұрық тесік,
Күнде егіліп,
Шарасыз уайымданам.
Сен жатырсың содан да тітіреніп,
Удан нәр ап барады
Шытыр өніп.
Жарылыстар біржола жоғалғанмен,
Ақбөкеннің азайды тұқымы өліп.
Сайым да аман тұрса екен, айым да аман,
Шарасызбын алдыңда, мойындағам.
Қара жердің киесі шамданбасын,
Мойыл да аман жайқалсын, қайың да аман.
Не істесең де ашып айт, ойыңды Адам!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу