Өлеңдер ✍️

  20.06.2022
  97


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Есейдім бе?

Есейдім бе?
Өзгерді әйтеу танымым,
Әкемді де
Енді ғана таныдым.
«Ит басына іркіт төккен»
Күнде де,
Дәнеңесіз қалған менің халығым.
Қайран жұртым,
Басқа киген жарбайың,
Оңып күнге,
Далаңдайтын әрдайым.
Милығыңда тұрушы еді
Қайғы-мұң,
Оң бүйірден туатұғын бар ма Айым?
Мадақтадық
Бір кездері «тап» ұлын,
Содан ғана көретіндей тағылым.
«Шынжыр балақ, шұбар төстер»
Нақ солар,
Езгі көрдің,
Ес жия алмай халығым.
Лекторларың жаулады елдің
Нанымын,
«Тек Күн Көсем – көк жүзінде алыбың».
Ұғындырды.
КОКП-ның тарихын:
Өз тарихым деп түсінді
Халығым.
Тірлік солай:
Бірде – жоғың, бірде – бар,
Құдай берсе, бақ қонады
Іргеге әр.
КОКП жоқ,
«Содырлары» сойылшыл,
Аппаратқа қызметке кірді олар.
...Енді ол жерде
белгісіздеу кім болар?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу