Өлеңдер ✍️

  20.06.2022
  104


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Ұйқым менің келмейді...

Ұйқым менің келмейді,
Арбасамын,
Тауға соғып басымды, жар басамын...
Адымымды
Аштырмай қарыстырдың,
Маған деген, қу құдай, бар ма шамың?
Көп болды ма кесірлі күпірлігім?
Барымды ұрлап бойымнан бітірді күн.
Жазымышқа бағынып, мойынсұнып,
Сорым қайнап жүрмін ғой...
Шүкір, бүгін...
Бәрі менде секілді бейне міннің,
Көгермесін түсіндім көйлегімнің.
Әлдекімдер өзіңмен ағайындай,
Қыз алыспас,
Көкиді кейде мүлдім.
Ұйқы менен қашады.
Көр – төсегім,
Қуанар ем дәл қазір өртесе кім...
Толғандырған кеудемді
Аспаһани,
Жібермейді жабысса, дерт есебін.
Сар даланың төсінде сандаламын,
Қорықпас дерсің пәниде
Алладан кім?
Асқақ-асқақ сөз айттық –
Ашынғаннан,
Қаратаудай қайғыдан дал боламын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу