Өлеңдер ✍️

  20.06.2022
  91


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Алқаптарда ақ боран ақияды...

Алқаптарда ақ боран ақияды,
Арбасармыз екеуміз бақи, әлі...
Құтырғанда бұл заман,
Тым байсалды,
Аралап жүр ақсақал тақиялы.
Екеуміз де жұлынған сап тынамыз,
Демімізді баса алмай аптығамыз.
Біз тынып ек, мына әлем ұйыды да,
Қара шалдың маңынан тапты маңыз.
Ес жиылып, Абызды маңайладық,
Егесіміз ұмтылды талайғы анық.
Аман-сәлем болған соң қысқа ғана,
Әлгі ақсақал сөйледі сәл ойланып.
– Жүрмісіңдер жарысып, жанталасып?
Шамаң барда шынында қал таласып.
Ақ боранда парық жоқ, ақымақтау,
Жұртың сенің жанықты, қалқам, асық!
Осы әңгіме толғантты танаптағы,
Тұрған едім тәмсіл сөз қалап тағы.
Қызырым жоқ, Қазақтың даласында,
Бөрі шулап, ақ түтек жалақтады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу