Өлеңдер ✍️

  20.06.2022
  106


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Дала мамық, сана мамық...

Дала мамық, сана мамық,
Мамық күн,
Аяз келді көзіме өрнек салып тым.
Қаңтар туды,
Ескі жылды
Ұзаттық,
Мәртебесін биіктеткен халықтың.
Көрінсек деп ұмтылып-ек
Заңғардан,
Еркіндікті
Аңсап талай қарманғам.
Көксегенге қолым жетті,
Көксеңгір,
Қаһармандық туады екен арманнан.
Өткен жылға
Өкпеміз жоқ,
Ерледік,
Отауымда – тәуелсіздік!
Көр, келіп.
Дос табам деп қилы-қилы қиырдан,
Құлаштарды
Алыстарға сермедік.
Айтарлықтай жақсылыққа кенелдім,
Жұтаңданған
Тапшылыққа кенелдім.
Рухы мықты
Қалың жұртым мойымас,
Келер жылда жатса керек,
Кені – елдің.
...Жаңа жылда
Ырыздыққа бөленгін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу