Өлеңдер ✍️

  20.06.2022
  81


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Қажымұханды

Қажымұханды
Елестетер қабағың,
Қандай жақсы
Болғаны алда
Ағаның.
Қалжыраған кездерімде қан жұтып,
Сенен ғана бір шарапат
Табамын.
Қасен ағам,
Күркіреген күндейсің,
Ашу буса көзге ешкімді
Ілмейсің.
Бұрқ-сарқ етіп Ақсуымдай тасисың,
Аяқ асты бұзылатын
Нілдейсің.
Мінезің-ай,
Батыр мінез бітпеген,
Қасақана мән бермеймін түкке мен.
Жеңгем жасап,
Ылдым-жылдым дастархан,
Шәй ұсынар қаймақ қатып, сүтпенен.
Тәтем салған әуелетіп ән қандай,
Кете алмайды тыңдаған жан
Таңданбай.
Қарлығаштай жеңгем жүрсе төріңде,
Сіздің үйде шолпан жұлдыз
Жанғандай.
Қажымұханды
Елестетер қабағың,
Қандай жақсы болғаны алда
Ағаның.
Сағынамын Сарыарқадай сарғайып,
Ұшар едім, жоқтығы әттең шаманың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу