Өлеңдер ✍️

  20.06.2022
  70


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Ардадаймын

Ардадаймын...
Қайғы, мұңды тел емген,
Итшілікке, «кісілікке» кенелгем,
Біздің буын бейбастақтау,
Байқасаң,
Әйтеу өмір сүріп келед өлеңмен.
Ешкім оған «тәйт» демейді тапсынып,
Жырлап жүр ғой шамасынша –
Жақсылық.
Биттеп кеткен бұршағы бар қайсының,
Тіл қатпайды тымырайып бақ сұлық.
Пышаналық десті басты,
Меселдем –
Қайтты менің көшедегі кеселден.
Тірі келем тірнектеніп,
Тартысып,
Баласымын қара шалдың неше өлген.
Сәби болып тұрмыс кештік аңғал,
Сан,
Шадыр өре мінезім бар шамдансам.
Сыншылардың «сопылығы» тоқтықта,
Қаламыңды көк сияға мал,
Малсаң.
Тайынбаймыз сыншы үйірген «қаһардан»,
Өзім жайлы пікір оқу – жат, арман...
Біздің буын әлдеқашан кетті ауып,
Сыншы тұрар,
Сиықсыздау шаһардан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу