Өлеңдер ✍️

  20.06.2022
  80


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Тымырсық түн тарылтады тынысты...

Тымырсық түн тарылтады тынысты,
Еңсем түсіп, екі иінім құнысты.
Көкейімде иманды үміт бар еді,
Бәрі ұрланды,
Бұ жалғаның жымысқы.
Шымқай қызыл бәдәуүйің бәлденген,
Секемденгем
Күні бұрын әлден мен.
Кіргізбесе, кіре алмайсың
Апыр-май,
Ай маңдайлы мешітке де сәлдеңмен.
Ең жақын жан таба алмадым, шатылдым,
Ешкімге де қажеті жоқ –
Ақынмын.
Бұл да болса салғаны ғой құдайдың,
Атау ішкен тірі өлікпін...
Бақұлмын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу