Өлеңдер ✍️

  20.06.2022
  124


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Тәп-тәтті қылығың...

Тәп-тәтті қылығың,
Былдырың шырын-бал.
Сеп-селдір тұлымың,
Айналдым мұрыннан.
Асқан бір тентегім,
Ақылдан адасың.
Кәмпитті ен-тегін,
Әжеңнен аласың.
Тілің де «апалап»,
Шыққан ед алғашқы.
Көздерің боталап,
Қуасың Маубасты*
Айтпай-ақ «атаны»,
Келдің сен екіге.
Ауыл ек баталы,
Баспас па бетіме?
Мүмкін бұл қата сын,
Тымағын атаңның,
Жастанып жатасың,
Жамылып шапанын.
...Көше еді тым ұзын,
Келеміз пәс өрмен.
Шыр етті уыз үн:
«Ата!» деп.
...әсермен.
Ұстап ап ерше тік,
Ышқырын шортидың.
Тұрдың сен көрсетіп,
Суретін Горькийдің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу