Өлеңдер ✍️

  20.06.2022
  82


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Шыдай ма кіл құсаға шамасы адам?

Шыдай ма кіл құсаға шамасы адам?
Ит аттап кетеді екен аласадан.
Тағдырдың татып жүрмін татасын көп,
Тәлеймен қалай ғана таласа алам?
Қарысып мүттәйім күн, тантығаны,
Баяғы тірмізіктік қалпым әлі.
Қамалған темір торға арыстандай,
Кей кезде жанарыма қан тұнады.
Кеудем де пора-пора талқандалған,
«Алла!» деп, көрген адам сан таң қалған.
Білмеймін төзімімді сайтан ба алған?
Жүрмейді ашулансам қалқам маңнан.
Қысқа өмір таралғыдай, дәмі кермек,
Ұшады қанаттанып әнім өрлеп.
Бір түйткіл бара жатыр шемен болып,
Жанымды жарылмай-ақ, әлі кернеп.
Көретін осы шығар сыбағамыз,
Қайтеміз, сор болса да құп аламыз.
Алдымды жорып берер жақсылыққа,
Данышпан жүр жолықпай дуалы ауыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу