Өлеңдер ✍️

  20.06.2022
  83


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Күн ызғарлы суық тым...

«Күн ызғарлы суық тым,
Майы қашқан қуықтың.
Қыз-қыз қайнар кезімді,
Әлдеқашан ұмыттым».
Деген еді
Оралхан,
Жеңіл ғана күрсініп.
Жақындапты
Ор әр таң,
Түгесіліп тіршілік.
Кім аңғарған жайтты анық?
Өте шықты жарық күн.
Тым ертерек қайтты алып,
Сүйіктісін халықтың.
Бурасына мінді ме?
Жаныңда ма кер бұғың?
Марқұм сол сәт білді ме,
Алтайындай өрлігін?
«Атау кере» – парық, құт,
Күллі «Қотан...» отауың.
Үзілерде жарықтық,
Іше алды ма атауын?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу