Өлеңдер ✍️

  19.06.2022
  103


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Жүрегімді жаулады басыр қайғы...

Жүрегімді жаулады басыр қайғы,
Мынау әлем дүбәра – тасырлайды.
Өшті ме екен кеудеңнен мендік сенім,
Асау сезім санаға бас ұрмайды.
Жайымды ұқшы, қайтейін, жабығамын,
Топ ішінен өзіңді танығамын.
Сен сүймесең кім мені жұбата алар,
Жанарымда жаныңның табы қалың.
Көздің жасын шыра етіп, егілесің,
Қасіретке еріксіз телінесің.
Ақылдым-ау, ақылды ең әу бастан-ақ,
Жоғалған-ау бір жола менің есім.
Бір мысық жүр санамда сөлеңдеген,
Уын бастым жыланның өлеңменен.
Боталаған көзіңнен айналайын,
Сөзің дәру жаныма «сенем» деген.
Ойдың бәрін қуайын тасадағы,
Түсе қойған жоқ дерттің аса дағы.
Алу-далу сорлының әптігін тек,
Сенің ыстық құшағың баса алады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу