Өлеңдер ✍️

  19.06.2022
  93


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Шимай-шимай жаныңды жайып салдың....

Шимай-шимай жаныңды жайып салдың,
Басты еңсеңді, дертіңнен айықсаң – мұң.
...Долданады көк теңіз, қайық кетті,
Болса керек өзінде айып шалдың.
Құрақ қамыс жағада шашын жайды,
Көк аспанда байқаймын, басым қайғы.
Әлдекімге ашу бар көңіліңде,
Басылмайды мәңгілік, басылмайды.
Долданасың,
Жымидың – шамданғаның,
Сақ-сақ күліп, жыладың...
Таңқалғамын.
Кірпігіңде – кіреуке... кірбің қалың,
Жанарыңнан белгілі алданғаның.
...Таусылмайды қыз үшін жалғанда мұң.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу