Өлеңдер ✍️

  19.06.2022
  73


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Дір-дір етіп саусағың құшақтадың...

Дір-дір етіп саусағың құшақтадың,
Өмірімде болса егер үш-ақ бағым.
Бірі – өзің деп санадым, періштем-ау,
Арманымдай көгімде
Ұш, әппағым!
Қимылыңнан көрінер салиқалық,
Адамдығың жанымды далитар, ұқ.
Саған ғана сымбаттым, парыздармын,
Төбесіне көтерсе тани халық.
Шапағатың жүрекке даруы бар,
Мүлдем өшкен санамнан тарығулар.
Бұл жалғанда сірә мен бақыттымын,
Аялайтын өзіңдей аруы бар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу