Өлеңдер ✍️

  19.06.2022
  91


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Тақымда торы қаншырдай...

Тақымда торы қаншырдай,
Қайшылар құлақ, желігіп.
Аңсатып қызды Баршындай,
Жетелеп келед мені үміт.
Самсаған жұлдыз, Ай да бар,
Ылпылдап сезім кетті есіп.
Көрінбес көңіл жайланар,
Күдікпен алған шектесіп.
«Жетем, – деп, – жылдам» тебіндім,
Алыстау...
Көп-ақ қырқалар.
Жүрегім мұңға теліндің,
Естімей далсың бір хабар.
Самғасын торы самғасын,
...Тас тиді әттең маңдайдан.
Шығыпсың әлгі жанға шын,
Айдаған сені қандай дәм?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу