Өлеңдер ✍️

  19.06.2022
  92


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Меңіреу түн.

Меңіреу түн.
Аспанда Ай да жалғыз,
Сені ойлаумен отырмын ай жамал қыз.
Ғашықтармыз – көрмесе тұра алмайтын,
Неге, жаным, ендеше дай боламыз?
Меңіреу түн.
Мен жалғыз. Балкондамын,
Терезеңе телміріп, жаутаңдадым.
Шалынбадың көзіме, төзім бітті,
Күл-парша етіп жүректі талқандадың.
Талқандадың,
Бөлінді санам санға,
Күңгірттеу боп көрінді ғалам сонда.
Елестетем, періштем, бейнеңді мен,
Қасіретке тұншыға қамалсам да.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу