Өлеңдер ✍️

  19.06.2022
  80


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Көңіл құлап, өзіңе телмеңдедім...

Көңіл құлап, өзіңе телмеңдедім,
Жетті саған бар сырым желмен менің.
Қызыліңір шақта бұл кеш оянған,
Махаббатым сен бе едің келген менің?
Өмірімнің түсі ауып, ымырттанған,
Нәзік сезім беймезгіл ырықты алған.
Екі мүшел жеткенде жасқа мынау,
Махаббатың осы ма, құрып қалған?
Көңіл құлап, шынымен аласұрам,
Салсақ деймін оңаша жарасып ән.
Жанбаған соң алаулап, жалын шашып,
Сақтағайсың қоздаған шаласынан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу