Өлеңдер ✍️

  19.06.2022
  73


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Жағада жүзген аққумын....

Жағада жүзген аққумын,
Жайымды менің кім ұғар?
Жанымның батпан мұңы бар,
Кеудеме сүңгі сұғылар,
Көзімде жастың дымы бар.
Құрбаны менмін тәтті удың.
Жағада жалғыз бейбақпын,
Мұңына малтып, бөленген.
Құтылмас шерден, шеменнен,
Бақытым сормен төленген,
Тәлейге қайтем, көнем мен.
Жанымды жатып жейді-ақпын.
Сағыныш жайлап, меңдеген,
Жүрекке беріш байланды.
Арманым менің қайда әлгі?
Жасаған арбап Айды әңгі.
Көрем бе сұлу Айнамды?
Көзіне мәңгі шөлдеген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу