Өлеңдер ✍️

  19.06.2022
  94


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

У сезімді ұнатам тегі ішкенді...

У сезімді ұнатам тегі ішкенді,
Ойдым-ойдым көңілім тегістелді.
Бұрымыңнан топ-толық сипаладым,
Алмайын деп шошытып періштеңді.
Кеткендеймін тәп-тәтті балға батып,
Жатқандаймын шақшадан талғап атып.
Бір ысынып... суынам, бәрі – рахат,
Қысқа таңның әттең-ай, қалғаны атып.
Сыртқа шықтым жейдемді желең киіп,
Жүрегімде барады өлең құйып.
«Асығымда – Алакөл». Көңіл асқақ,
Аласа боп көрінді белең биік.
...Махаббаттың отына келем күйіп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу