Өлеңдер ✍️

  19.06.2022
  83


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Қоңыр тірлік...

Қоңыр тірлік,
Қараша айы зымыстан,
Жаздағы анау мәуелі ағаш, құнысқан.
Кершеуледі – жеп барады, жел, ызғар,
Мен қайтамын жиде қағып жұмыстан.
Қара тастақ жатыр міне, мызғымай,
Кібіртектер көңіл құрғыр ызғымай.
Қиракездеу басталарын кім білген,
Аяқ асты апай-топай күз бұлай.
Дәргейінде мына жалған тапалған,
Шалдар тоңды жалғыз қабат шапаннан.
Бураларға бу бітетін мезгіл ғой,
Бақ тайғалы қай бір заман атаннан.
Күн бұлыңғыр, қу мекиен желғабыз,
Желтоқсанда ақ сақалды келді абыз.
Құтырынған қымбатшылық көкжалдай,
Кезіп жүр ғой тым ызбарлы елді аңыз.
Қызылағаш қайда қалды бұйығы,
Төбет болып үріп көрші, құй ұлы.
Дыбыс берер пенде таппай сарсылма,
Алдыңда тұр құлқыны зор құйығы.
...Бәрі, бәрі тоғышардың бұйымы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу