Өлеңдер ✍️

  19.06.2022
  69


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Пенделіктің күлкілдеген күл-өңі...

Пенделіктің күлкілдеген күл-өңі,
Бетін жайып көлгірсиді,күледі.
Өзгермейді,
Кеудесіне – көң қатқан.
Ал, қаншама сары дала түледі.
Паңдығы да кісіде жоқ, маң басқан,
Қулығы да сұмдықпенен жалғасқан.
Ар жағында қандені бар, қандені,
Сәл қалт етсең ала түсер жамбастан.
Маңғаздардың қасына ерсе – бәкене,
Байпаңдайды қол қусырып, «жәкеңе».
Тепсінеді қарапайым жандарға,
Тіпті әуелі, танытады әкеңе.
Сәл мүлт кетсең сылтың ғылып күледі,
Жүрегінде қарамдықтың түнегі.
Табақ бетін тайынбастан ыржитқан,
Пенделіктің күлкілдейді күл-өңі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу