Өлеңдер ✍️

  19.06.2022
  91


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Жабыңқылау жаңбыр жауған сүркей түн...

Жабыңқылау жаңбыр жауған сүркей түн,
Қара бұлты ақ сәулені бүркейтін.
Ми шағатын шарқая үнді найзағай,
Жаңбырдан соң қаптап кетті шіркей тым.
Қаңырығы түтеген бе, шақты кеп,
Балам үйде шыдамады, шапты кеп.
Далаң үйде тарсыл-дүрсіл молайды,
Дамыл таппай қос қапталын қақты үлек.
Хикметті көрдік мықтап шіркейден,
Түн баласы мәуітісін бүркейді ел.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу