Өлеңдер ✍️

  19.06.2022
  83


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Бозаң дала бір-ақ күнде гүлденді...

Бозаң дала бір-ақ күнде гүлденді,
Тозбайтындай торғын шәйі жамылып.
Кең дүние мамыражай күйге енді,
Қызыл-жасыл бояуларға малынып.
Тұра сала таңмен бірге таласып,
Жүген алып қырға қарай беттедім.
Қойшы ауылы шағын ғана «қалашық»,
Мейірлене нұрын төкті көкте күн.
Ат та алысқа ұзап кете қоймапты,
Кер бестіні мініп алдым жүгендеп.
Сол бір сәтте дүбірлетіп аймақты,
Қайтқым келді дала жырын түгендеп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу