Өлеңдер ✍️

  19.06.2022
  114


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Ұғынбай бізді ғалам тұр...

Ұғынбай бізді ғалам тұр,
Екеуміз ғана адасқан.
Жайдақтық көрдік жалаң құр,
«Саясатпенен» санасқан.
Сайқалдар сорлы топылып,
Етегін түрді ермекке.
Арын да жақты оты ғып,
Шашты да күлін жер-көкке.
Алаяқ ауыз жаласқан,
Сезеді бәрін, ым-жымын.
Екеуміз ғана «адасқан»,
Шығарған тойдың құн-жынын.
Жегізді таяқ адалдық,
Әділдік алдан шалады.
Бара алмай «баққа» бадалдық –
Середек иттің балағы.
Ұқпаса қойсын айналам,
Айналам әңгі қаптаған.
Көгілдір кешке айналам,
Саябыр тапқан, батпаған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу