Өлеңдер ✍️

  19.06.2022
  83


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Таулар, таулар...

Таулар, таулар...
Қол созам шоқтығыңа,
Ұшқын шаштың сезімнің оттығына.
Бала қыран мен едім түлеп ұшқан,
Сен секілді мінезім бопты бұла.
Қанат қағам өзіңді аңсап анық,
Шың-құздарың жадымда сан-салалық.
Жүрегіме мен сені көшіремін,
Тұлғаң биік болсаң да қаншама алып.
Келем қазір сағынып, ақ бас шыңым,
Дәл өзіңдей жоғымды жоқтасты кім?
Әлсіз жүрек бір көріп, әлдене ме?
Көңілім де бір жетпей таппас тыным.
Ашылғандай мәңгілік мұз қабағың,
Жадыраған, ақ бас шың, құзды алабың.
Қондым жетіп ең биік қар-тауыңа,
Бола алам ба, мен сірә, мұзбалағың?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу