Өлеңдер ✍️

  19.06.2022
  84


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Жүрегімді шымырлатты ащы әлем...

Жүрегімді шымырлатты ащы әлем,
Жамандықтан бас сауғалап қашқан ем.
Түйсіз құзға құлаш ұрып жүргенде,
Мендік бақыт бара жатты басқамен.
Көз аясын жас торлады лықсыған,
Өмір, өмір жиіркендірдің бықсыған.
Жақсылықты тек «жетімнен» көрдім мен,
Бейшарамын, кейде осыған қыстығам.
Кесел сіңді көкірекке шым-шымдап,
Мөрті келсе аяр қалай қымсынбақ?
Мінбе тисе сөз сөйледік былшылдап,
Бекер босқа жастық өтті қылшылдап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу